Януш Корчактың ата-аналарға арналған 10 өсиеті
(өмір сабақтары)
Януш Корчак- поляктың ұлы ұстазы, жазушы, дәрігер әрі қоғам қайраткері. Ол өзінің өмірін аман сақтап қалудан үш рет бас тартқан адам.
Алғаш рет Януш Польшаны жау басып алған кезде өзгелермен бірге Палестинаға көшіп кетпей, жетімдер үйін тағдырдың тәлкегіне қалдырмас үшін балалармен бірге қалып қояды.
Екінші жолы ол варшавалық геттодан қашып кетуден бас тартады.
Ал үшінші рет 1942 жылы 5 тамызда былай болды:
Жетімдер үйінің балаларын лагерге жеткізу үшін оларды вагондарға тиеп жатқан кезде, жау арасынан бір офицер Корчакқа келіп, сұрайды:
-"Король Митуаш" деген шығарманы Сіз жаздыңыз ба? Мен бұл кітапты бала кезімде оқыдым. Жақсы кітап. Сіз боссыз. Мен Сізді жіберемін, -дейді.
-Балалар ше?
-Балалар лагерге жеткізілгеннен кейін кейін улы газбен тұншықтырылатын болады. Ал сіз вагоннан түсіп қалыңыз.
- қателесесіз. Олай ете алмаймын. Барлық адам оңбаған емес.
Алайда, қарт ұстаз балаларға газ камерасында ертегі айтып, көңілдерін аулап отырып, олармен бірге мәңгілікке көз жұмды.
Януш Корчак- өз балаларын газ камерасы алдында жалғыз тастай алмаған аяулы ұстаз.
Осындай ғұлама ұстаздың балаларды тәрбиелеу туралы өсиет етіп қалдырған 10 қағидаттары әлі күнге дейін ескірген емес. Ендеше, есте сақтайық:
1. Балаңның өзің сияқты немесе өзіңнің қалағаныңдағы адам болғанын күтпе. Оның сен сияқты емес, өзі болып қалуына көмектес.
2. Баладан оған жасаған жақсылығыңның қайтарымын күтпе. Сен оған өмір сыйладың, ол саған қарызын қалай қайтара алмақ? Ол өзгеге де өмір сыйлайды, ал өзгесі тағы біреуге сыйлайды- бұл қайтарымсыз алғыс заңы.
3. Қартайғанда қатты нан жеп отырғың келмесе, өзіңнің ренішің мен өкпеңді балаға таңба. Не ексең, соны орасың.
4. Оның қиындықтарын жеңуге баланың деңгейіне түсіп , көмектес. Өмір әркімнің өз әлінше тіршілік етуіне берілген. Өмірдің қиындығын ол да сенен артық көріп жатқан шығар. Себебі, оның тәжірибесі жоқ.
5. Қорлама.
6. Ұмытпа, адамның ең маңызды кездесуі- оның баласымен кездесуі. Оларға үнемі назар аударып, ойыңды бөлісуден ерінбе.
7. Балаңа жақсылық жасай алмасаң өзіңді қинама, бірақ есіңде болсын: мүмкіндігің болып тұрса да балаға әйтеуір үнемі бірдеңе жетпейді.
8. Бала - саған өмірде берілген ең үлкен сый. Сен сол сыйдан жалындаған от шығара алуың керек.
9. Бөтен адамның баласын да жақсы көріп үйрен. Өз балаңа нені қаламасаң, өзгенің баласына да соны жасамауға тырыс.
10. Балаң қандай болса да: мейлі дарынсыз, қабілетсіз, бақытсыз болсын, тіпті есейген кезінде де - жақсы көретін бол. Баламен сөйлескенде қуанатын бол, себебі бала сенің мерекең. ӘЗІРГЕ СЕНДЕ БҰЛ МЕРЕКЕ БАР.
Райгул Какарманованың парақшасынан алдым.